Жарияланды: 13.10.2018

Қоғамның басты байлығы — дені сау ұрпақ

Созақ ауданына арнайы іс-сапармен барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев денсаулық сақтау саласының жұмысына қанық болды. Ұлт саулығының себепкерлері, ақ халаттылар еңбегін бағамдап, оң бағасын берді. Облыс басшысы  аудандық аурухана ұжымына медициналық автокөліктердің кілтін тапсырды. Дәрігерлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді Енді, ақ халаттылар аймақтағы басы ауырып, балтыры сыздаған кез-келген жанға жедел көмек қолын соза алады.

Кез-келген қоғамның басты байлығы – дені сау және білім адамзат. Ал, олардың саулығы дәрігерлердің басты назарында болуы тиіс. Аса ауыр жауапкершілік жүгін арқалаған мамандар аудан тұрғындарына қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Дәрігерлер: «Пайдалануға берілген медициналық көлік мамандар жұмысын едәуір жеңілдететін болды», деп қуаныштарын дән риза.

Айта кетейік, облыс әкімі сапар барысында ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір қатар азаматтарға құрмет көрсетті. Ел үшін еңбек еткен тұлғалар марапат биігіне көтеріліп, бір марқайып қалды.

 

1 004 қаралым