Жұмыссыздық — қазіргі қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі. Әсіресе, кәсіптік және жоғары оқу орнын бітірген жастар қоғамқа пайдалы қызмет атқаруы тиіс. Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыстық жұмыспен қамту орталығы жүйелі жұмыс атқаруда. Осы тұрғыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы енгізілді. Жобаның бірінші бағыты аясында Сайрам ауданында 340 адам, он мамандық бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік дайындықтан өткен. Осылайша нарық қажетіне қарай жұмысқа орналасып, қоғамға пайдалы еңбек етуде.
Қызметкерлердің жалақысының 35 пайызын жұмыспен қамту орталығы төлеп жатыр. Қалған пайызын жұмыс істейтін мекеме өтейді.
Сайра аудан аумағында халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасының екінші бағыты бойынша, атқарылған жұмыстар да өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде 156 азамат оқытылып, жыл аяғына дейін 64 адам шағын несиемен қамтылды.Есепті мерзімде 2 мың 273 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек заңы өзгерген. Бұл атаулы көмек 2 бағытта беріледі. Шартты және шартсыз. Аудандық жұмыспен қамту орталығы биылдың өзінде бағдарлама негізінде 1669 адамға тұрақты жұмыс тауып берген. Тұрмысы төмен 1800 отбасыға шартты негізде жәрдемақы алып отыр.Ауданда азаматтарды уақытша жұмыспен қамту және оларды ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де оң нәтижесін беруде. Осы орайда 230 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ұмыт қалмай, 128 азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.