Балалардың білім алуына жасалған қамқорлық – болашаққа салынған тиімді инвестиция. Елбасы биылғы жолауында «5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет»,- деп қадам айтты. Мемлекеттік маңызды құжатта басымдық берген салалардың бірі –білім беру. Мектептегі оқу бағдарламасында 9-10 сыныптан бастап нарықтық сұранысқа ие мамандықтарға баулуды тапсырды. Ол үшін жастар 10-нан астам қажетті жаңа технологияны меңгеру керек. Жолдауда көрсетілген бұл бастама білім саласын тағы бір сатыға жоғарылатуға сеп болары анық.
Қазақстанда 18 млн-нан астам халық тұрса, соның 40 пайызын 14-пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды. Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап әрбір мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығын ескеріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Себебі, келешектің қожасы – жастар. Ендігі кезекте, жастар Елбасының «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін»,- деген сөзінен жігер алып, бірлікте жұмыла жұмыс жасауы.