2019 жыл –жастар жылы…Осылай деген Мемлекет басшысы, кейінгі толқынның барлық саладан өзін-өзі дамытып, бәсекеге қабілетті бола аларына сенім артты. Сондықтан жастардың мойнындағы жауапкершілік жүгі ауыр. Ал, егемен елдің ертеңі, жас буын өкілдері бұл үндеуге не дейді?
Мәншүк Қолдасбекова, ОҚМУ студенті:
- Елбасының халыққа жолдауын біз оқу орнымызда жұмыла талқыға салдық. Елбасы бізге үлкен үміт артып отыр. Біз Елбасының, еліміздің, ата-анамыздың сенімін ақтауға ынталымыз.
Әділет Үмбетаев, ОҚМУ студенті:
- Тек 2019 жылы ғана емес, барлық жылы елімізде жастарға мол мүмкіндік беріліп жатыр. Жұмыс жасаймын деген адамға қолдау көп. Мемлекеттік болсын, жеке бизнес болсын мемлекеттік бағдарлама негізінде үлкен жетістікке жетуге болады.
Ақбота Собпек, жас маман:
- Біздің облыс халқының төрттен бірін жастар құрайды. Олардың тыныс-тіршілігі үкіметтің жіті назарында болғаны бізді қуантады. Біздің ендігі мақсатымыз – «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін»,- деген ұстанымда тынбай тер төгу.
Жанна Ақәділова, жас маман:
- Мен өткен оқу жылы соңында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне білім алып, қызыл диплом иегері атандым. Мемлекеттік бағдарлама негізінде білім гратында оқыдым. Шәкіртақы алумен қатар сапалы білім мен саналы тәрбие сіңірдім. Ендігі кезекте Отаныма адал еңбек етуге дайынмын. Елбасы жолдауын толық қолдаймын