Жарияланды: 14.10.2018

Гендерлік теңдік қоғамның әлеуметтік ілгерлетудің басымды бағыттарының бірі

Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңінде әйелдерге, ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша алғашқы қоғамдық маңызды құрылымдар құрылды. Қазақстан БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы үшінші және төртінші мерзімді баяндамалардың қорытындылары бойынша БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының функционалдық беріктігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады. Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасының өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді. Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.

Г.Медеуова,

Түлкібас аудандық Әділет басқармасының бөлім басшысы

«Қазақстан Заңгерлер Одағының» мүшесі

 

1 025 қаралым