Жарияланды: 15.10.2018

Аудан орталығында 3 мектептің құрылысы басталды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында соңғы әлетте құрылыс қазаны қызу қайнап жатыр десе де болғандай. Әлеуметтік нысандар бойы көтеріп, әсем ғимараттар пайдалануға берілуде. Бүгінде аудан орталығы Темірлан ауылында үш мектептің құрылысы басталды. 
Қазіргі таңда аудан орталығындағы Амангелді Иманов атындағы және «Темірлан» жалпы орта мектептері үш ауысымда білім беруде. «Темірлан» мектебінің 600 орындық жаңа ғимаратының құрылысын » А.Р.Т. -Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінге дейін бұл мектептің оқушылары ыңғайластырылған ғимаратта білім алып келді. Ал, Байкал аумағынан салынатын 300 орындық мектеп Амангелді Иманов атындағы мектептегі үш ауысымдық оқыту мәселесін шешеді деп күтілуде. Бұл мектеп 640 балаға арналған, қазіргі таңда 1542 оқушы білім алуда. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «МТС-Төлеген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Сонымен қатар, аудан орталығынан 600 орындық тағы бір типтік мектеп құрылысын «Авторемстрой ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастады. Бұл үш нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

 

 

1 000 қаралым