Жарияланды: 15.10.2018

«Бастау бизнестің» берері көп

Биылғы жылы Түркістан облысындағы Созақ ауданында Кешенді жоспарды іске асыру аясында 2552 адамды қамту жоспарланса, 1348 адам нақты қамтылып, жылдық жоспар 52,8 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» — қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие        14 мамандыққа ниет білдіруші 145 азаматқа өз таңдаулары бойынша білім беру ұйымдарына жолдама беріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 25 адам 103,6 млн.тг несиемен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 110 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуын аяқтағандар қатарынан 109 азамат сертификатпен қамтылды. Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 2018 жылға 796 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, ағымдағы жылдың 7 айында 773 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 97,1%-ға орындалды. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа жұмыс орындарына 120 адам жолдау жоспарланса, есепті мерзімде 109 адам жұмысқа жолданып, жылдық жоспар 90,8%-ға орындалып отыр. 

1 057 қаралым