Жарияланды: 14.10.2018

Нәзік жандардың құқығы

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асып, еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлык сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да, әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мыктырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.

Мемлекеттік гендерлік саясат базалык гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Онда мыңжылдық даму мақсаттары мен әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның қағидаларына сай, Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар аныкталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бесжылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.

Жалпы, гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Айтылған пікірлерге құлақ түрсең, бірі ол саясатты колдайды, ал, бірі оған түбегейлі қарсы болады. Гендерлік саясат біздің батыстың көшіне қарап бет түзеуіміз емес, өйткені, еркек пен әйел теңдігі сонау бағзы заманнан ұлттық менталитетімізге, әдет-ғұрпымызға тән белгі. Гендерлік саясатты әйелдердің коғамдағы теңдігі бойынша қолдауға ниеттімін. Ал, отбасы саясатының тізгінін қашанда ер адамның жүргізуі жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, камқор, басқарушы болуы тиіс.

Мен де анамын, судьялык тәжірибем де әйел мен еркек өмірінің қыр-сырын меңгеруге себеп бо­лып, отбасылық қарым-қатынастың психологиясына әбден қанықтырдым. Гендерлік саясаттың жақсы жақтары өте көп, оған басқа қырынан карасақ, елімізде әйел адамдардың бәрінің бірдей өз құқығын біліп, корғай білмейтіні рас. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқандар да аз емес. Оны күнделікті көз алдымызда болып жатқан қараудағы істер дәлелдеп келеді.

Гендерлік саясаттың стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, бүгінде соттарда ашық есік күні акцияларын өткізу, ақпараттық насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіп-орындарына шығуы, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойын­ша брифингтер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастар мен кездесулер өткізу жолымен жүйелі насихат жұмыстары жұргізіледі.

Гендерлік зорлық-зомбылықтың кең тараған түрі — ол дүниежүзілік үрдіс, онда әлеуметтік шекара жоқ және ол ұлт, діни таным немесе тұрғындардың өмір сүру деңгейіне байланысты емес.

Гендерлік саясаттың рөлін әрі қарай арттыратын болсақ, біз аналарымыз бен қыздарымыздың кауіпсіздігін қамтамасыз етер едік.

А.Мұханова,

Түлкібас аудандық сотының судьясы

1 057 қаралым