Жарияланды: 15.10.2018

Жаңа жүйе жас аналарға жәрдем

Бұдан  бұлай аналар баласын алып шалғайдағы емханаға тасып шаршамайды. Себебі, елімізде 15 қыркүйектен бастап әр адам өз қалауы бойынша кез-келген емханаға тіркеліп, медициналық көмек түрлерін ала алады. Тұрғындар енді, емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдайды. Үйіне немесе жұмыс орнына жақын жердегі медициналық мекемеге тіркелу құқығына ие. Айта кетейік, азаматтарды тіркеу қарашаның 15-іне дейін жалғасады.  Әйгерім Құттыбаева Түркістан облысының тұрғыны. Екі баланың анасы жаңа жүйенің қолданысқа түскеніне дән риза. Қос құлыншағының үлкені үш жаста. Кішкентайына жақында 7ай толады. Отағасының жұмыс бабына орай уақытша тұрғылықты мекен-жайын жиі ауыстыратын Әйгерім бұл жаңашылдық әсіресе жас аналар үшін өте тиімді дейді. Ол үшін таңдау жасалғаннан кейін ұйымның тіркеу бөліміне жеке куәлігімен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуы қажет. Емханаға тіркелу барысында өтініш қабылданбайтын жағдайлар болады. Және оларды түсіністікпен қабылдаған жөн. Егер, бір дәрігерге тіркелген адам саны екі мыңнан асып кеткен жағдайда. Бұл ретте өтініш жазған адам қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оның өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қарайтын әкімшілік учаскесінің тұрғылықты тұрғынының өтініші ескеріледі. Бұдан бөлек, емхананың қызмет көрсететін учаскесінен тыс аумақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені медицина мамандары дер кезінде науқастың үйіне көмек көрсету үшін берілген уақыт ішінде жаяу жетіп үлгермейді. Емханаға тіркелудің екінші жолы – онлайн тәртіпте, egov.kz порталы арқылы. Ол үшін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болғаны жеткілікті. Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, олар емханаларға кедергісіз тіркеле алады. Азаматтар басқа БМСК ұйымына тұрғылықты мекенжайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көңілден шықпайтын болса, басқа емханаға тіркеле алады. 

 

 

863 қаралым