Жарияланды: 15.10.2018

Баланың денсаулығына мұқият болыңыз

Баланың денсаулығы ата-анасының басты назарында болуы тиіс. Ағымдағы жылы елімізде менингитке дерті ушығып тұр. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарға мынадай ескерту жасады: «Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сіздерден балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуды сұраймыз. Менингококк инфекциясы – бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады». 

Сондай-ақ, жауапты мамандар сырқаттың белгілерін атап көрсетті. «Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40 градусқа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және тағы басқа сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда, менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады».  

Сырқаттың алдын алу үшін не істеу қажет? Суықтамау және ауа райына қарай киіну керек. Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін; Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар.  

944 қаралым