Жарияланды: 15.10.2018

Баланы тұмаудан сақтаңыз

Мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына тұмауға қарсы екпенің салынуын қадағалау қажет. Себебі, олардың имунитеті әлсіз болғандықтан, вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан, аурудың алдын алу шараларын сақтаған дұрыс. Айта кетейік, қазан айының ортасына қарай Республикамыздың басым бөлігінде қара суық басталады. Тіпті, кейбір елдмекендерде алғашқы қар жауып, үсік түсіп қойды. Дәрігерлердің айтуынша, қазан айында тұмау маусымы басталады. Сол себепті, жылы киіндіріп, дұрыс тамақтанғанын қадағалау қажет.

Ақ халаттылар, ЖРВИ мен тұмаудың көрсеткіштері ұқсас болғанымен, бірқатар айырмашылығы бар екенін айтады. Тұмау асқыну салдарымен қауіпті. Алдағы эпидемиологиялық маусымда Қазақстанда тұмаудың үш кездеседі. Олар: А (H1N1) Мичиган, А (H3N2) Сингапур, В – Колорадо штаммы. Осы топтардың ішінде А типі ең қауіптісі болып саналады. Өйткені, сырқаттың бұл түрі үнемі мутацияланады. А типіндегі Сингапур сияқты типіне тәжірибе жүзінде иммунитет төмен. Сол себепті вакцина салдырту міндетті түрде қажет етіледі

 

1 107 қаралым