Баланың дұрыс жетіліп – дамуы барысында спорттың алар орны орасан. Осыны ескерген Сайрам билігі Ақарыс елді мекенінде балалар арасында бокстан қйымдастырды. Республикалық турнирде өз елімізден бөлек, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген спортшылары сынға түсті. Дүбірлі додада145 боксшы 15 салмақ бойынша өзара бақталасып, жеңісті сарапқа салды. Сайыста бағы мен бабы қатар шапқан жас спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жас өрендердің ептілігі мен шеберлігі төрешілердің жіті назарында болды. Қазылар құрамында еліміздің спорт саласына өзіндік үлес қосып жүрген, білікті мамандар мен спорт шеберлері болды. Айта кетейік, республикалық спорт сайысы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Біржан Бубеевті еске алуға арналған. Басты мақсаты- балаларды салауатты өмір салтына баулып, спортқа бағыттау. Игі шараның өскелең ұрпақтың толыққанды дамуы жолында берері мол.
Бала мен ана денсаулығы — мемлекет үшін маңызды факторлардың бірі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ана мен бала жағдайының жасалуын басты орынға қойып, осы бағыттағы берілген тапсырмалардың орындалуын өз қадағалауына алған.