Жарияланды: 15.10.2018

Ата діннен алыстау — жастарды адастырады

Ата діннен алыстау жастарды адастырады. Дін өкілдерінің айтуынша, психологиялық көмекке зәру балалардың жат ағымның жетегінде кету қауіпі жоғары. Себебі, отбасындағы келеңсіздіктер, қаржының жеткіліксіздігі, ата-ананың балаға жеткіліксіз көңіл аударуы – баланың психолгиясына кері әсерін тигізбей қоймайды.Осыған орай, Арыс қаласында Діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Елдегі ынтымақ пен бірлік болуы керектігін, татулығымыз бен достығымызды одан әрі нығайту бағытында ұйымдастырылған шарада мектеп оқушылар, студенттер, жас мамандар мен дін өкілдері бас қосты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Е.Альфатаев ауыл жастарына діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің қауіптілігі және сақтану жолдары туралы әңгімеледі. Жиналыста дінтану пәнінің мұғалімі Л.Оразбаева өз баяндама жасап, түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Келелі басқосу барысында көптеген мәселелер қозғалып жастар арасында «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамассыз ету» мәселесі сөз болды. Жиынға жиналғандар өз пікірлерін ортаға салып, білгендерімен бөлісті.

981 қаралым