«Жол мұраты-жету, Қыз мұраты- кету». Атадан қалған қанатты сөз астарында терең мағына жатыр. Сол себепті, қызды қонақтай күтіп, бойына асыл қасиеттерді дарытуға тырысқан. Ес жиып, етек жеңін жинай бастаған тұстан бар мақсаты баланы дүниеге әкеліп, саналы тәрбие беру, ерінің қас-қабағына қарау екенін ұғындыруды жөн санаған.Бұл үрдіс бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ.Арыс ауданы Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде «Бүгінгі жас ертеңгі келін, болашақ ана» тақырыбында келелі кездесу өтті. Жиын барысында отбасы құндылықтары, әсіресе ене мен келіннің сыйластығы,қайын жұрт, жас жұбайлар арасындағы қарым — қатынас туралы сөз өрбіді. Бұдан бөлек,болашақ отбасылық өмірге дайындық, келіннің, жұбайдың міндеттері жөнінде салихалы әңгіме жүрді. Сонымен қатар, «Абайсызда қиыс қадам жасап, тағдырдың тауқыметін көрген нәзік жандылар өмірі мысал болды.
Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктілік –қазіргі қоғамдағы келеңсіз мәселелердің бірі. Жиында осы тақырыпта әңгіме арқауы болды. Жас келін босаға аттар сәтте барған жерінде бақытты боламын емес, бақытты қыламын деген ниетте болуы қажет. Ойнап жүріп от басып» қалмау үшін қыздарымызға ерте жүктіліктің алдын-алу туралы мамандар кеңес беріп, жастардың алдағы өміріне бағдар жасады. «Шыққан қыз шиден тысқары» демекші шақырусыз, жұбайынсыз келмейтін қыздарымыздың қазіргі жөні мүлде бөлек. «Келген жерім маған не бере алады?» деген сауалмен емес, «мен келген жеріме не бере аламын?» деген ниетпен барған жерінің бағын ашу үшін отбасын құруға қадам жасау керек қыздарымыздың «отбасы құндылығы» ұғымын дұрыс түсіне алмау салдарынан «ішіме сиған балам сыртыма да сиядының» кері келіп, ажырасу фактілері көбеюде.