Жарияланды: 15.10.2018

Бала біздің болашағымыз

Бала — біздің болашағымыз, олардың заңсыз еңбекке тартуға жол жоқ. Кез-келген мемлекеттік және жауапкершілігі шектеулі мекеме басшысы осыдан хабардар болуы қажет. Осы мақсатта арнайы «Бала еңбегін қанауға 12 күн» акциясы бастау алған болатын. Дәстүрлі шара республикамыздың барлық өңірлерінде осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш жобаға мұрындық болған – балалардың құқықтарын қорғау департаменті.

Игі шара  Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округі Аққала елді мекенінде жалғасын тапты . Осы мақсатта «Аққала» жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында бала еңбегін қанау бойынша кездесу болып өтті. Басқосу барысында,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының ата заңындағы еңбек кодексі баяндалып, бала құқығы сөз болды.Олардың қауіпсіздігіне тек ата-анасы ғана емес бүкіл қоғам жауапты.Сондықтан, келешек еліміздің тұтқалары, ертеңіміздің айнасы-балалардың болашағына бей-жай қарамау қажет.  сәйкес барысында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Айта кетейік,аясия аясында азаматтар көп шоғырланған, базарда ата-аналар мен сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар арнайы парақшалар таратылды. Мақсат- балалардың қауіпсіздігі мен балалар арасында орын алатын қылмыстардың алдын алу. 

 

999 қаралым