Дін-тәрбие діңгегі. Себебі, қоғамдағы орын алған келеңсіздіктер мен қылмыстың басым көпшілігі діни сауаттың таяздығынан орын алады. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінде алқалы жиын болып өтті. Басқосу барысында, асыл дініміздің құндылықтары сөз болды. Исламның негізгі парыздары тілге тиек етілді.Сондай-ақ, жат ағымның жетегінде кету қаупін сейілту мақсат болды. Дін өкілдерінің мәліметінше, өзге діннің жетегінде кететін жастарға көбіне жылулық жетіспейді. Қатыгез қоғамда тәрбие көрген олар күйзеліске ұшырауға бейім. Ал, экстремизм мен терроризмді насихаттап жүрген адамдар осы тұсты тиімді пайдаланады. Олардың жұмсақ сөзінің арбауына түскен жастардың бетін қайтару оңайға түспейді. Сондықтан, осындай шаралардың жас буын өкілдеріне берері мол. Жиын барысында психолог мамандар сөз алып, жастарға білгенімен бөлісті. Керек кеңес айтып, жастардың да пікірлерін ортаға салды.Ал, ұйымдастырушылар алқасы игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.
Жарияланды: 15.10.2018