Жарияланды: 15.10.2018

Жастармен өткен келелі кездесу

«Қылмыс пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік». Осындай атаумен Түркістан облысында алқалы жиын өтті. Ілкімді шараға ұйытқы болған  отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар  ресурстық орталығы» КММ-сі. Басты мақсаты — Түркістан қаласындағы жастар мен жасөспірімдер арасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықбұзушылық және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Жас буынның тәрбиесін түзеуге арналған жиын мектеп директорлары, психологтар, имамдар, жастар және мектеп оқушылары, аудан тұрғындарының қатысуымен болып өтті.        Кездесуге облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Сәдібек Марат Сайфуллинұлы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-інің заңгері Сейіт Ермаханов Ескермесұлы, облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығының маманы, профилактикалық  жұмыстар бөлімінің мұғалімі Жүргенбаева Назира Матышқызы, облыстық наркологиялық ауруханасының нарколог дәрігері Баймурунова Раушан Асанқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс социологы Өнербаев Қанат Алтайұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психолог  Баймұхамбетова Мөлдір Зайнуллаевна жастар мәселесіне қатысты өз ойларымен бөлісіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 

1 726 қаралым