Жарияланды: 15.10.2018

Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы

«Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Осылай деген дана халқымыз әуелден-ақ қыздың тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Бұл үрдіс қазірге дейін өз маңызын жойған емес. Қоғамдағы қыз баланың қадірі артпаса, кеміген жоқ. Себебі, олар өмірдің шуағы, жанұяның қуанышы, қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Осыны ескерген Төлеби аудандық білім басқармасы «Халықаралық қыздар күніне» арналған республикалық онкүндік ұйымдастырылды.

  Ленгер қаласындағы №8 кәсіптік техникалық, «Мейір-Бейс» медициналық колледждерінде тәлім алып жүрген бұрымдылар  арасында алқалы жиын өтті. Келелі кездесу барысында білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру бойынша аталған білім беру жайы сөз болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  «Ана, келін, бойжеткен!» тақырыбында өткен жиында жастар жағы көкейіндегі толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жауап беруші мамандар тұшымды жауап қайтарып, кездесу көркін одан әрі аша түсті.

   Іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор психологы, колледж қыздары қатысты. 

1 509 қаралым