Жарияланды: 15.10.2018

Психологиялық көмек қозғаушы күшке ие

Қазіргі қоғамда денсаулығында ақауы бар, мүмкіндігі шектеулі жастарға үрке қарайтын адамдар әлі де кездеседі. Бұл әрекет оларды қоғамнан алшақтатып, санасына  зиянын тигізбей қоймайды. Төлеби ауданда жарымжан жастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған келелі кездесу болып өтті. Шараның өтуіне ұйытқы болған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы және аудандық музей.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда бейімделуіне және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған «Жүрегім толы мейірім» атты кездесу ауданда алғашқы рет өтіп жатқан жоқ. Ауданда жастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар үнемі жалғасын тауып жатады. 
  Психологиялық-педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін  әлеуметтік-тұрмыстық білім  мен икемдерін қалыптастыру   екенін назарда ұстай отырып, педагог  арнайы сабақтарда  оқушылардың көлік,  пошта,  қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен  жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету  керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын  белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаятта шығатын жол болатынын түсіндіру  әрине  жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты.  Мүмкіндіктері шектелген  балаларда қоршаған  орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың  оқыту мен тәрбиелеудің  түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып,  дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін  балалардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды  өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. 

 

 

 

 

937 қаралым