Бүгін Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуы туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, Мырзакент кенті, А.Қалыбеков, Достық, Еңбекші, Жаңажол, Ж.Нұрлыбаев, Иіржар ауылдық округі әкімдерінің есебі тыңдалды.
Ең алдымен аудан әкімі Б.Асанов аудандық мәслихат депуттатарының алдында биылғы бірінші жарты жылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін баяндады. Соңғы әлетте ауданың осы бағытта дамуы қарқын алып келеді. Әсіресе ауданның бюджетін қомақтыландыруға экономикалық даму оң әсерін тигізіп отыр.
Сессияда Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы, Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы мәселелер дауысқа салынды.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі