Жарияланды: 18.10.2018

Тұрғын үй саласында толымды жұмыстар атқарылуда

Бүгін, 18 – қазан Түркістан облысына қарасты Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры Ашимбаев Өмірсерік Устетайұлы арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Ануарбекұлы сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысып, жолдау аясында баяндамалар жасалды. Бүгінде өңірімізде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Жиын барысында аудан, ауылдарда жеткізіліп жатқан табиғи отын, жарық, ауыз су мәселелері туралы толымды мәліметтер келтірілді. Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тиісті жауаптарын берді.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 001 қаралым