Жарияланды: 16.10.2018

Отбасындағы жылулық тәрбиеге тікелей әсер етеді

Қарттар күніне орай Кентау қаласында «Мейірімділік — ізгіліктің нұры» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға қатысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналарды мерекелерімен құттықтады.

— Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Олай болса, зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі — деген қала басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды алғыс хаттармен марапаттады.

Жиында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиевте жүрек жарды лебізін білдіріп, қарияларға құрмет көрсетті. «Қазақ халқында қарттарды,қарияларды көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы,қазынасы деп қадiр тұтқан, қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса,қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмдерiне тоқтаған. Алысқа сапар шекседе, алдымен осы қариялардың алдынан өтiп, батасын алып аттанған. Отбасында қарт адамдар бар болса ол үйде әрдайым береке, молшылық болады. Қарияларымызды қадірлейік», – деді ол.

Ақсақалдар алқасының төрағасы Мұратбек Абдуллаев, әжелер алқасының төрайымы Салтанат Атабекқызы қалада аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді. Іс-шарада «Ардагерлер» хоры әсем әндер айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қаланың өнерпаз жастары дайындаған концерттік бағдарламада көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

1 217 қаралым