Жарияланды: 16.10.2018

Тәрбиенің негізі дін мен дәстүрге негізделуі тиіс

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы №16 колледж, Шардара мектеп лицейі, М.Қалмырзаев атындағы №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, және М.Әуезов атындағы №1 ж/о мектептерінің жоғарғы сынып оқушылыры, арасында «Жастар жадына — ғаламтор жау» және «Дін және зайырлы қоғам» тақырыптарында кездесулер өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, Д.Байбеков еліміздің Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп атай келе, дін мемлекетіміздің рухани тірегі, дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының басты бағыттарына шолу жасап, түсінік беріп өтті.

Келесі сөз кезегін алған Түркістан облысы «Дін мәселелерінің зерттеу орталығы» МКМ маманы Б.Темірханов, аудан имамы А.Данияров қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымызды салт-дәстүр әдет-ғұрын жастардың бойын сіңдіру керектігін айтты.

1 017 қаралым