Бүгінгі таңда Жетісай ауданында жасы 100-ден асқан 6 адам тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і қарт әжелер. Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ғасыр жасаған жандарды мерекелерімен құттықтау үшін үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат жасады. Ғасырдан аса өмір сүріп жатқандардың бірі Жезігүл Ахметова 1917 жылдың 8-ші ақпанында дүниеге келіпті. Бүгінде әже Қазыбек би ауыл округіндегі Қазыбек би ауылында тұрады. «Денсаулығы жақсы, әлі де болса тың» дейді немерелері. Аудан әкімі ғасыр жасаған Жезігүл әжеге орамал жауып, ақ батасын алды. Мұнан соң аудан басшысы Ш. Ділдабеков ауыл округінде тұрып жатқан Қаржау ақсақалдың шаңырағына аялдады. Қария 1914 жылдың 10-шы шілдесінде дүниеге келіпті. Арнайы құттықтауы мен сый-сияпатына разы болған қария аудан әкіміне ырымдам қазақы тақия тарту етті. Бүгінгі аудан әкімінің арнайы сыйлығына Үмітай Сәдібекова да ие болды. 1915 жылы дүниеге келген әже тыл ардагері. «Талай жыл Мырзашөл өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қостым. Енді міне еңбегімгің жемісін көріп отырмын. Тағдырыма разымын» дейді кейуана. 101 келген Забира Айтуғанова да мерекенің қарсаңында аудан басшылығы келіп қалады деп алаңдап отыр екен. Күтіп-баптап отырған немере келіндері осылай дейді. Бүгінде кейуана Мақталы ауыл округі Алмалы ауылының мақтанышына айналып отыр. Бұл кісіге бата сұрап келетіндер әлі күнге толастаған емес дейді балалары.
Күләнда әжей де аудан басшылығының сый-сияпатына дән ризашылығын білдірді. 1915 жылы дүниеге келген әжей көп жасаудың сырын тынымсыз еңбекпен байланыстырады. Ынтымақ ауыл округі Ағынсай ауылында тұратын әжей онша-мұнша жұмыс істемесе әлі күнге бір жерде отыра алмайды екен.
Қазіргі таңда Қарақай ауыл округіндегі Сатпаев елдімекенінде тұрып жатқан Унгай Бегібева әжей де 1914-ші жылдың тумасы. Кенже баласының жасы 70-ке таяп қалыпты. Аудан басшылығының ілтипатына разы болған әжей ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен Елбасының амандығын тілейтіндігін жеткізді.
Жарияланды: 16.10.2018