Жарияланды: 16.10.2018

Сарыағашта жастарды жат ағымға жол бермеуге шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданында арнайы сапарда болып, аудан әкімі Қайрат Әбдуәліұлымен жастармен жеке кездесу өткізді. Іс-сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданы орталық мешітінде өткен «Жат ағым – індет, онымен күресу баршаға — міндет» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты — жастарымыздың теріс жолға түспеуіне үндеу, жастық жігерлерін пайдалыс іс қылуға жұмылдыру, сондай-ақ, туған елін сүюге, оның гүлденуіне атсалысуға шақыру болып табылады. 

Сонымен қатар, наиф мүфти бас болып облыстық наиб имамдар С.Моллатілеуұлы, Ж.Тәжімұратұлы, іс басқарушы М.Қалжанұлы, аудандық ішкі саясат басқармасының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Сарыағаш ауданы орталық мешітінде бас имам Б.Қалдаровтың ұйымдастыруымен өткізілген «Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным» атты имамдар семинарын өткізді.

1 084 қаралым