«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу бойынша түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізудің нәтижесінде көрсеткіш өсіп келеді. Мәселен, жыл басынын бері Түркістан облысында 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел сәбилерінің туу туралы куәлігін проактивті әдіспен, яғни SMS-хабарлама арқылы рәсімдеген. Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын проактивті қағидатқа сәйкес мемлекет халықты қажетті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді. Алғашқы кезеңде бұл жоба нәрестенің өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша енгізілді. Енді сәбилі болған ата-аналарға бала туу бойынша қызметтерді алу үшін фронт-офистерге барудың қажеті жоқ. Былтырғы жылдың аяғында іске қосылған жобаға сәйкес жаңа босанған ананың телефонына автоматты түрде SMS-құттықтау келіп, қызметтерді проактивті тәсілмен алуға ұсыныс жасалады. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Сонымен қатар, мекеме мамандары тарапынан «Проактивті өмірді таңда!» атты акциясы барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Проактивті қызметті тұрғындар арасында насихаттау үшін болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылып келеді.