Жарияланды: 16.10.2018

Жиында әйелдер теңдігі сөз болды

Түркістан облысында  «Қазақстандағы ауылдық үкіметтік емес секторды дамыту: сынақтар, көзқарастар, табысты тәжірибелер» тақырыбында конференция өтті. «Береке» және «Экоцентр» қоғамдық бірлестіктерінің бірлескен іс-шарасына АҚШ-тың USAID агенттігі қаржылай қолдау көрсеткен. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, қоғамның дамуына өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол екенін айтты.

Конференцияда «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов азаматтық қоғамды дамыту жөнінде баяндама жасамақ. Сондай-ақ, шағын және ауылдық территорияларда азаматтық белсенділікті қолдау бойынша Ресей тәжірибесі туралы айтылды. Жиында гендерлік саясат, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалар мәселесі, үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттің байланысын арттыру, ауыл жастарының белсенділігін жоғарылату және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, баяндамалар жасалды. Аталмыш конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен қоғамдық бірлестік төрағалары қатысып, өз пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды.  

991 қаралым