Жарияланды: 16.10.2018

Шардара ауданы бойынша ана өлімі соңғы екі жылда мүлдем тіркелмеген

 Шардара ауданы бойынша ана өлімі соңғы екі жылда мүлдем тіркелмеген.  Бала өлімі көрсеткіші облыс аумағында ең төменгі орындардың бірінде тұр. 2017 жылы 1000 тірі туылған балаға шаққанда — 8,6. 2018 жылдың 5 айында 1000 тірі туылған балаға шаққанда — 8,1. құрайды (облыстық көрсеткіш — 9,3).

Туберкулез сырқатымен аурушаңдық соңғы 5 жыл ішінде төмендеу тенденциясы байқалады. Сонымен қатар онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау бойынша іс-шаралар ұдайы жүргізіліп, өз жемісін беруде.

Медицина саласын цифрландыру бойынша басқа да бірқатар жұмыстар атқарылған. Ауданның медицина саласы комплексті медициналық ақпараттық жүйесі (КМИС) бойынша қызмет атқарады. Жалпы медициналық мекемелер жыл соңына дейін толық электронды жүйеге көшуге дайын.

Айта кетерлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аналарға бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу жобасын жаңа жыл қарсаңынды іске қосқан болатын. Содан бері баланың туу және басқа да тиісті қызметтерді тіркеу туралы өтініштер ата-аналардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылуда. Бұл қызметтер уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.

Проактивті қызметті «Мобильді азаматтар» базасына тіркелген ел тұрғындары ғана қолдана алады. Оны мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисінде немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте ЖСН-ді ұялы телефонға байланыстыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Бұдан өзге, қазіргі таңда телефон арқылы шот нөміру арқылы жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұруға мүмкіндік бар. Халыққа қызмет көрсету орталығына дайын болған куәлікті алып кету үшін ғана барып не үйге жеткізу қызметін пайдаланған абзал.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

1 035 қаралым