Жарияланды: 16.10.2018

Әйелдер денсаулығына қауіп төндірмейтін жұмыс түрлеріне әйелдердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Елімізде әйелдер бұрынғыдай, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жалдамалы қызметкерлердің 70%-дан астамын құраса, ал қаржылық және мемлекеттік секторда әйелдер жартысынан сәл ғана көбін құрайды. Әдеттегідей, аталған секторлардың құрылыс, мұнай-газ секторы, өндіріс, көлік және т.б. сияқты «ерлер салаларына» қарағанда табысы азырақ. Қоғамдық, мемлекеттік ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізе алмайтын ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі де өзекті болып қалуда. Ұлттық статистика деректері бойынша Қазақстандағы әрбір үшінші ауыл әйелі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және заттай шаруашылық жүргізуден түскен табыспен күн көреді, оларға жеке тұтыну да жатады. Жеке тұтынуды да қамтитын табыстар әуел бастан әйелдерді экономиканың нақты секторына қайтуы үшін адами капиталға қаржы инвестициялау мүмкіндігінен айырады. Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке жәрдемдесу арқылы, оның ішінде, әдетте, ерлер жұмыс істейтін экономика секторларында қолдау көрсетілетін болады.

Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі және оны қорғау жөніндегі заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу және кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі қайта қаралады және жұмыс түрлерінің автоматтандырылуына, технологияландырылуына және ақпараттандырылуына байланысты әйелдер денсаулығына қауіп төндірмейтін жұмыс түрлеріне әйелдердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Кәсіподақ ұйымдары инновациялық, инфрақұрылымдық және жоғары технологиялық мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға тартылған азаматтардың, оның ішінде әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыратын табады. Гендерлік теңдік қоғамның әлеуметтік ілгерлетудің басымды бағыттарының бірі болып табылады, өйткені тең мүмкіндіктерді қалыптастыру еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде әйелдердің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды құрамдасы болып табылады. Әйелдердің саяси жоғарлуына сонымен бірге уақытша арнайы уақытында қабылданған әарнайы шаралар әсер етті. Жыл сайынға Дүниежүзілік экономикалық форуммен (ДЭФ) әзірленетін жақындағы гендерлік теңдік туралы Жаһандық есепте аталып өткендей Қазақстан экономикада, саясатта және басқа да салада әйелдер мүмкіндігі жоғары бағаланатын елдер қатарына кіреді. Қазіргі күнге әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыруда нәтижелі оң динамика және әйел үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің белсенділігі байқалады. Бұның бәрі қоғамның санасын ерлер мен әйелдердің барлық салалар мен қызметтерде әлеуметтік теңділігін өзгертуге мүмкіндік береді.

941 қаралым