Сайрам ауданындағы «7Я» сауда орталығының 2-қабатында жақында «Шарапат» әлеуметтік дүкені ашылды. Сайрам аудан әкімі орынбасары М.Оразалиевтің қолдауымен жүзеге асырылған әлеуметтік дүкеннің ашылуына Сайрам ауданы «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған мейрімді еріктілер клубының мүшелері атсалысқан. Дүкенге Сайрам ауданының тұрғындары өздерінің тұтынып жүрген таза киімдерін өткізіп, қажет ететін отбасылар қалаған киімін тегін алып кете алады. Алғашында «Жастар ресурстық орталығының» мамандары өздерінің 200-ден астам киім-кешектерін өткізіп, халыққа ұсынған. «7Я» сауда орталығының басшысы, Сайрам ауданның құрметті азаматы Яша Чилингаров әлеуметтік дүкенне қолдау білдіре отырып, сауда орталығынан тегін орын берген. Ашылған сәтте дүкенге келушілер аз болған. Ал, соңғы уақыттарда өздері хабарласып, жаңадан тауарлар түскенін біліп отырады. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкеннің тұтынушылары көбейіп, өз алғыстарын айтуда. Сауда дүкеніне еріктілер тобы күнделікті ауыса отырып, келген адамдарға қызмет жасайды. Қазіргі таңда дүкенге кезекшілік жасап киімдерді қабылдап, оларды реттеп, дүкенге жайғастыруға тұрақты 20 ерікті жас тіркелген.
Жарияланды: 16.10.2018