Отырар ауданы әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің көшпелі отырысы өтті. Кеңес отырысында есеп берген Шәуілдір, Аққұм, Темір ауыл округтеріндегі жастар инспекторларының ағымдағы жылы атқарған жұмыстары жөнінде айтып, сонымен бірге ауылдағы жастармен жоғары сынып оқушылары арасында түрлі мақсаттағы кездесулер өткізілгенін, жас таланттарды қолдау, оларды салауатты өмір салтына ұстануға шақыру мақсатында түрлі спорттық — мәдени шаралар ұйымдастырғандығын жеткізсе, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ташов Ермек Қалашұлы аудан жастарының ұлттық әдет-ғұрып және салт-дәстүрімізге сәйкес жастар тәрбиесіне арналған түрлі ойын- сауықтық, спорттық іс-шараларды ұйымдастырып, тиісті деңгейде өткізілуі, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша атқарылған іс-шаралар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы айтып өтті. Жиын барысында кеңес мәжілісіне облыстан арнайы шақырылған қонақтар облыстық Жастар жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Сейдулла Кеңесбайұлы мен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Түркістан облысы бойынша филиалының төреайымы, облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес мүшесі Жұлдыз Алмазқызы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әрбір Жолдауында, бағдарламалық мақалаларында жастар мәселесіне ерекше мән беріп еліміздің жастарына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқандығын тілге тиек етіп, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі өзекті екендігін баса айтса, аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Айтжанұлы қортынды сөз сөйлеп, тиісті сала басшылары мен ауыл округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп жиынды қортындылады.
Жарияланды: 17.10.2018