10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, Шымкент аграрлық колледжі студенттер үйінде Түркістан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен «Қыз баланы тәрбиелей отырып, болашағымызды тәрбиелейміз» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.
семинар-кеңестің басты мақсаты ерте жүктіліктің алдын алу,түсік тастау мен қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша студент қыздардың сауатын арттыру, жоспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету. ”Қыз баланы тәрбиелей отырып, болашақты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деген пікірін айтқан болатын. Қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен, оның үстіне жүрек тербер, сезім қоздырар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал –мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші.Бұларда аналарға, қыздарға тән әрі тәрбиелік, әрі тағылымдық мәні ерекше толғамдар бар. Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған. Оны мынадай мақал мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата – бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.«Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Сонымен қатар ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. «Қыз баққанан қысырақ баққан оңайлығын» жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің, жауапты екенін еш ұмытпаған.
Жарияланды: 17.10.2018