10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, Шымкент аграрлық колледжінде Түркістан облысының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының қатысуымен «Өмір — менің ең қымбат құндылығым!» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің мақсаты: жастар мен жасөспірімдер үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау,психикалық денсаулықты қорғау және нығайту, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ психикалық денсаулық дағдыларын сақтау бойынша өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу. Жеке өмірдегі келеңсіздіктер: бақытсыз махаббат, қоршағандардың түсінбеушілігі, жалғыздық, жұмыстағы мәселелер, мақсатқа бағытталған қысым,, физикалық қорлаушылық, өмірдің мәнін жоғалту. Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін — өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Жарияланды: 17.10.2018