«Отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты сақтау». Өркениет» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Шымкент аграрлық колледжінің директоры Бекбергенова Гаухар Алпысбайқызының бастамасымен Тассай тұрғын алабында Дүниежүзілік контрацепция күніне орай ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен «Отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында семинар-сабақ өтті. Семинар-сабақтың басты мақсаты: отбасын жоспарлау, түсік тастау мен қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша халықтың сауатын арттыру, жоспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету. 15-25 жастағы жастар арасында контрацепция туралы ұғымды кеңейту болып табылады. Семинар барысында ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының гинекологы Д.Тасбалтаева кеңес беріп, отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша лекция оқыды. Сондай-ақ контрацепция мен салауатты өмір салты туралы фильмдер көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Семинар-сабақ жоғары деңгейде өтті, қатысушылар ризашылықтарын білдірді. Семинардың студент жастар өз өмірлеріне сабақ боларықтай көптеген мәліметтер ала білді. Әрбір жас өз тағдырына балта шаппас үшін сауатты және тектілікпен отбасын құрып, перзентті де мақсатқа сай үлкен дайындықпен әкелуі керек.
Жарияланды: 17.10.2018