Жарияланды: 17.10.2018

«Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша кездесу ұйымдастырылды

Түркістан облысында 56 мектептің жасөспірім қыздары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Жиынға жергілікті мешіт имамы, емхана психолог дәрігерлер, мектеп инспекторы қатыстырылып, оқушылар ерте жүктіліктің салдары жайлы сұрақтарына жауап беріліп, бейнероликтер көрсетілді. 

Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз  балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа  әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,  жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала  «әдейі» бәрін кері істейді. 

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы  бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың  тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек.    Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.   Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте  түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,  өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың  жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

Ерте жүктіліктің нәтижесі

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен  айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы   көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ,   баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр  болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл  өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.

 

2 039 қаралым