Жарияланды: 17.10.2018

«Интернеттің пайдасы мен зияны» жастарға ұғындырылды

Көксəйек көпсалалы-техникалық колледжі мейірбикесі Г.Хасанова жəне психолог С.Бейсеновтың ұйымдастыруымен Төлеби аудандық ауруханасының СӨСҚ бөлімінің мамандары психолог Жақсылық Меруерт , Сарбасова Анар, социолог Умбеталиева Мақпалдың қатысуымен «Интернеттің пайдасы мен зияны» жəне салауатты өмір салтын ұстану жайында «Дебат» ойынын өткізді. Жастар екі топқа бөлініп, өз ойларын пікір сайысу арқылы жеткізіп, бір-бірлерінен тұшымды сұрақ жауап алмасты. Қазіргі кезде интернеттің қарыштап дамып тұрған сəтінде , арқыраған ақпараттар əлемінде жастар өздеріне қажетін ала алып жүрме, əлде «əлегі көп əлеуметтік желіде уақытын өлтіріп жүр ме?» деген сұрақтарына өздері жауап іздеп көрді. Расында пікірсайыс барысында, олар қажетті мәліметтер мен сараптауларды көкейге түйді. Қорытындылай келе жастар интернеттің пайдасын алып, зиянын шегеріп əлеуметтік желіде қымбат уақытын сарп етпей, салауатты өмір салтын ұстануға уақыттарын арнауға құлшыныс білдірді. Пікір сайыс жеңімпаздары «Гугл» командасы болды.

1 338 қаралым