Жарияланды: 19.10.2018

Өнімдерін сақтайтын қойма бар

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы «Көктал» шаруа қожалығы жыл сайын өз иелігіндегі 200 гектар алма бауының 140 гектарынан 250-300 центнерден өнім жинап,  тұтынушыларға жеткізіп келеді. «Биылғы өнім өте көп. Алма жинау науқаны әлі аяқталмағандықтан әзірше өнімнің мөлшерін нақты білмейміз», — дейді шаруа қожалықтың басшысы Бейбіт Төлешов. Мичурин ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылында 1700 тонналық жеміс-жидек өнімдерін сақтайтын қоймасы бар. Бұл саладағы қолға алған оң тірліктердің бірі – соңғы жылдары апорт алмасын егу жұмысы жанданып келеді. Сондай-ақ шаруа қожалық алма өнімін өндіріп қана қоймай, 25 гектар жерге алхоры, 10 гектар жерге алмұрт еккен. Алхоры өнімі Россияға экспортталып жатыр. Ал алма мен алмұрт Түркістан облысының базарларын түгел дерлік алмамен қамтып отыр.

«Көктал» шаруа қожалығында бүгінгі таңда 70 адамды жұмыспен қамтылған. Ал алма теру науқанында қызметшілер саны 150-ге жетеді. Бағбандар алма жинау науқанын белгілеген мерзімде аяқтауды межелеп отыр. Келер жылы да мол өнім алуды жоспарлап отыр.

 

1 101 қаралым