Жарияланды: 19.10.2018

Мемлекеттік бағдарламалардың көмегі мол

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында тамшылатып суғару әдісін енгізу 700 гектарға жоспарланып, қазіргі таңға 721,02 гектарға енгізілді, жоспар 103 пайызға орындалды.  9817 гектар терең қопсыту бойынша өңделіп, жоспар 103,3 пайызды құрады.  Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен  қазіргі таңға 1 069 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 2 635 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 372 бас асыл тұқымды жылқы алынды. Ауданда мал мен құс еті 2018 жылдың тоғыз айында 17 мың 364 тонна өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,2 пайызды, сүт 35 мың 137 тонна өндіріліп 102,1 пайызды, жұмыртқа 7 мың 877 мың дана өндіріліп 100,1 пайызды құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ірі қара мал саны 65 470 немесе 13,2 пайызға, оның ішінде сиыр 36 341 бас немесе 28 пайызға, қой саны 361 383 немесе 12,6 пайызға, ешкі саны 15 022 немесе 11,8 пайызға, жылқы саны 22 423 немесе 5,3 пайызға түйе саны 648 немесе 2,4 пайызға және құстар саны 486 632 немесе 11,9 пайызға артқан.  Алынған төл саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұзау 23 036 бас немесе 1 976 бас, құлын 4 508 бас немесе 1 145 басқа, бота 83 бас немесе 49 басқа, торай 1 954 бас немесе 1200 басқа кемісе, қозы 177 515 бас немесе 10 577 бас, лақ 7 719 бас немесе 982 басқа артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 037 қаралым