Жарияланды: 16.06.2018

Керамика өндірісіндегі алғашқы қарлығаш

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында орналасқан «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан керамикалық гранит шығаратын «Зерде Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде іргелі кәсіпорынға айналып отыр. Бұрын соңды елімізде мұндай керамикалық гранит өндіретін зауыт болған емес. Ішкі нарыққа қажетті өнім көлемінің 40 пайызын жауып отыр. Кәсіпорын өнімдерінің бір бөлігін алыс та жақын шетелге экспорттап отыр. Өндірістік қуатын арттыру мақсатында іске қосылған екінші желіні көп көмегі болып отыр. Өйткені жаңа желі сандық машинаның көмегімен кең ауқымды, түрлі-түсті жылтыр керамограниттер шығарылуда. Сауда маркасының өнімдерінің 20 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріне экспорттайды. Жылдық қуаты 2 млн шаршы метр, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм және 600х300 мм болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, 175 адамды жұмыспен қамтып отыр. Елімізде өткізіліп жатқан көрме жәрмеңкелерде керамогранит өнімдері шетелден келген мамандардың қызығушылығын арттырып экспорт көлемін ұлғайтуға септігін тигізіп отыр. «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері былтыр өткен халықаралық«ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына да пайдаланылды. Өнімдері көрме залдарының көркін ашты деуге болады

1 121 қаралым