Жарияланды: 20.10.2018

Жыл сайын өсіп, өркендеп келеді

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылдық округі аумағы аудандағы ең үлкен округтердің бірінен саналады. 1992 жылға дейін Қосақжар ауылдық кеңесі болып аталған. Бүгінде Бәйдібек ауданының орталығы болып отырған Шаян ауыл округі аумағында 1710 отбасы бар, 9560 халық тұрады. Шаян ауыл округінің жалпы жер көлемі 2530 га, оның ішінде үйіргелік жері 620,7 га, жайылымдық жері 1582,9 га, суармалы жері 246 га, өнеркәсіптік мақсаттағы жер 40 га.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындардан 4 наубайхана, 2 жем дайындау цехы жұмыс жүргізуде. Орта және шағын кәсіпкерлік саласында 254 жеке кәсіпкер, 13 – ЖШС, 85 – дү-кен, 12 – кафе-дәмхана, 4 – той-хана, 1 – мал базар, 1 — қонақ үй, 4 — май құю бекеті, 3 — газ құю бекеті, 2 – шлакоблок шығару цехы жұмыс жасауда.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында көптеген игілікті іс-шаралар жүзеге асты. Аудан жұртшылығының талап-тілектеріне сәйкес құрылған түрлі қызмет көрсету орталықтары жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Халықтық банкі, «Қазпошта» АҚ, Қазақтелеком АҚ филиалдары және «Бәйдібек несие» кредиттік ұйымы халыққа қызмет көрсетуде.  2013 жылы 360 орындық және 180 орындық жатақанасымен №19 колледждің құрылысы басталып, 2014 жылы пайдалануға берілді. Спорт кешені пайдалануға берілді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында: «Жастар» сарайы, Құрметті азаматтар аллеясы қайта жөндеуден өтті. Жастар аллеясы, Тәуелсіздік алаңы, Мәңгілік ел аллеясы ашылды. Көше бойлары абаттандырылып,
10 гүлзар, 14 көрнекілік панолар, 12 көрнекілік аркалар орнатылып, ауданда жұмыс жасап жатқан араб инвесторы Шейх Халифаның демеушілігімен «Дене шынықтыру — сауықтыру кешені» жанынан «Жабық жүзу кешені», «Жабық теннис корты» және волейбол, баскетбол, гимнастикалық қалашықтар, кіші футбол ашық алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жалпы, аудан орталығы Шаян жыл сайын өсіп, өркендеп келеді.

 

Бағдат ҚАЛАУБАЙ

 

1 491 қаралым