Жарияланды: 31.10.2018

Келешектің кемел болуына қалаған халық бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлген

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Атадан қалған осы сөздің астарында қаншама мағына жатыр десеңізші. Келешектің кемел болуына қалаған халық бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлген. Қазіргі таңда, әсіресе қала тұрғындары, күйбең тіршіліктің қамымен алша таңнан қара кешке дейін жұмыста болады. Ал, баласының бос уақыты немен өтіп жатыр, олар кімдермен дос? Осы сауалдардың жауабын білеме. Қоғамдық пікірге көз жүгіртіңіз.

Гүлмира Оңласбек, 4 баланың анасы:

  • Мен қазір бала күтіміне байланысты демалыстамын. Қазір балаларымның тәрбиесі мен білімі менің жіті назарымда болып тұр. Бұған дейін мен балам 1 жастан асқан соң жұмысқа шығып кететінмін. Себебі, мен қара шаңырақтың келінімін. Енем балаларыма қарап отырды. Бала-шағам қараусыз қалған емес.

Жәнібек Өскенбайұлы, жеке кәсіпкер.

  • Менің 2 ұл, 2 қызым бар. Жұбайым балалардың тәрбиесімен айналысады. Бар уақытын балалардың дұрыс –өсіп жетілуіне арнаған.

Төребек Нұрбек, Отырар ауданының тұрғыны:

  • Баланың тәрбиесі ортасына да байланысты. Сондықтан, олардың кімдермен араласатынына мұқият болған жөн.
1 015 қаралым