Жарияланды: 31.10.2018

Гендерлік саясаттың маңызы — əйелдерге қатысты түйткілдерді жою

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты — əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ. 60-  шы  жылдары  жаңа  гендер  ұғымы  пайда  болды.  Ғылымда  осы  кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы — үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы. Барлық мəселе осыдан шығады. Бірақ гендер — биологиялық жыныстық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым. Жыныстық биология, гендерлік ұқсастық, гендерлік идеалдар жыныстық ұқсастықтың бірнеше бөлігінің компонентінен тұрады. Гендер екі жыныстылардың, яғни өз кезегінде бір жыныстың екінші жынысқа жататындығына байланысты белгілі бір əлеуметтік рөлдерінің орындауындағы айырмашылықтары физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерінің анықтамасын сипаттайды. Əйелдер мен ерлер гендерлік аспектіде, яғни белгілі бір мəртебесі, мүддесі, қажеттілігі жəне жүріс-тұрыстың əлеуметтік стратегиясын иеленетінін əлеуметтік индивид ретінде қарастырылады.

Сонымен, гендерлік саясаттың маңызы — қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды  саяси  əлеуметтендіру.  Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын  бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр.

1 538 қаралым