Жарияланды: 31.10.2018

Әйелдер қоғам мәселесіне сезімталдықпен қарайды

Қазақстан əйелдер құқығы бойынша БҰҰ-ның «Əйелдерді дискриминациялайтын барлық органдарды жою», «Əйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциясына, сонымен қатар 30-дан аса халықаралық келісімшарттар мен конвенцияларға қол қойып келісімшартқа отырды.

Қазақстандағы əйелдер саясатқа немқұрайлы деген ескі көзқараспен келісуге болмайды. Бізде саясатта белсенді əйелдер көп. Тек оларды қолдау керек. Парламент, мəслихат орындарына жету үшін əйелдерге сайлау технологиясын үйрету керек. ҚР Президенті жанындағы əйелдер жəне отбасы ісі бойынша ұлттық комиссия дəл осы жұмыспен айналысады. Əйелдерді алға тартып, имиджін жасап жəне оларға дауыс беру керек. Себебі елдегі тұрғындардың тең жартысын əйелдер құрайды.

Əйелдер отбасында əртүрлі қызмет атқарады, оны саясатпен байланыстыру өте қиын, бірақ мүмкіншілік бар. Олар отбасының бір мүшесі, үй шаруашылығында қызмет етеді, негізгі жұмысы бала күтімі болып табылады. Біз əйелдер үлкен ерік-жігердің, күштің, шыдамдылықтың иесі екендігін көре аламыз, ал енді саясатта айналысу олардың қолынан саясатпен айналысу келмейді деп айта алмаймыз.

Сонымен қатар зерттеулерге сүйенсек, лидер əйелдердің стилі ер адамдарға қарағанда өзгеше: əйелдер- сайлаушылардың мұқтаждықтарына сезімталдықпен қарайды, компромиске келуге бейім, саяси жұмыстарда мəселені шешуде демократияшыл. Ал лидер ер адамдардың стилі иерархиялығымен, технократиялығымен ерекшеленеді.

Əйелдердің экономикалық жағынан алға жылжуына көмектесу керек. Саясатқа экономикалық жағынан тəуелсіз əйел саясатпен нақты айналысып, əсер ете алады. Əйелдер мен ерлер экономикалық салада əртүрлі позицияны ұстайды. Əйелдер қызмет көрсету саласында көп кездеседі, мысалы, білім, ақпарат жəне құжатпен қамтамасыз ету, саудада, коммуналдық қызмет көрсету.

1 298 қаралым