Жарияланды: 31.10.2018

Гендерлік саясат əйелдердің денсаулығын жақсартуды көздейді

Гендерлік саясат əйелдердің денсаулығын жақсартуды көздейді. Басты мақсаты – əйелдердің денсаулығын жақсарту, анемия ауруымен күресу, бала мен ананың өлімін азайту, рак аурулары үшін арнайы орталықтар ашу.

Əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер 1998 жылға дейін бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ал 2010 жылдан бастап бұл республикалық деңгейде қарастырылады. Бұған мысал – əйелдер ұйымдастырған екі республикалық конференциядағы ҚР Президентінің сөзі. Президент өз сөзінде əйелдерге зорлық көрсетушілік пен күресу жөнінде ашық айтты. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік органдармен бірге əйелдерге зорлық көрсетушілерге қарсы жұмыс істеп келе жатыр.

Гендерлік саясаттың енгізілуі, əйелдер мүддесін ескере отырып Қазақстандағы саяси процестерді тұрақтандыру, əйелдерді дискриминациялауды жоюға бағытталған заң қабылдау жəне өкілетті органдарда əйелдердің санын көбейту болашақта əлеуметтік саяси келеңсіздіктердің алдын алады.

Жыныстық дискриминациямен күрес- мемлекеттік гендерлік саясаттың ең маңызды алғы шарты. Қазіргі таңда Қазақстан – гендерлік институттың дамуы жөнінде жəне дискримина цияны жою мəселесі бойынша бірден-бір алда келе жатқан мемлекет.

1 192 қаралым