Жарияланды: 31.10.2018

Көп балалы аналарды қолдау қажет

 Қазақ қоғамының   рухани жаңғыруына отбасы құндылықтарын сақтаудың  тікелей қатысы бар. Отбасы – мемлекеттің кішкентай  бөлшегі. Азаматты тәрбиелеп  шығаратын ең үлкен мектеп те – отбасы. Сондықтан  қоғам жаңғыруы мәселесінде отбасына  үнемі көңіл бөлінуі  тиіс. Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар әлі көп. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру маңыз­ды мәселе. Мысалы, бес бала немесе бес баладан көп баланы дүниеге әкелген аналарға айлық еңбекақы тағайындау арқылы олардың ең­бек өтілін сақтап қалу мүмкіндігін қарастыру маңызды шаралардың бірі болар еді. Бұл өз кезегінде қоғам­да көп балалы отбасы болудың беде­лін бекемдеп, абыройын арттырары хақ. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғы­ру» мақаласында «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсет­ті. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

2 135 қаралым