Елімізде экономиканы индустрияландыру басым бағыттардың біріне айналған. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін көптеген жобалар қолға алынуда. Осы мақсатта аудан-аудандарда индустриалды аймақтар құрылды. Солардың бірі Созақ ауданында орналасқан индустриалды аймақтың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Созақ ауданының индустриалды аймағында 4 жоба жұмыс істесе, тағы екі жоба енді іске қосылады. Бүгінде тасын өрге домалатып отырған кәсіпорындар баршылық. Төртеудің ішіндегі ілкімдісі әрі өнімдісі уран өндіруші кәсіпорындарға арнап металл бөшкелер шығаратын «UKO-S Star» металл құрастыру ЖШС-і. Осыдан 5 жыл бұрын яғни, 2013 жылдың соңында іске қосылған зауыт бүгінге дейін 100 мыңға жуық өнім өндірген. Жоба құны 315 млн теңгені құрайтын зауытта еңбек өнімділігі жоғары. 50-ге жуық адам еңбек етеді. Зауыт өніміне тапсырыс толассыз түсуде. Жылына 25-30 мың дана өнім өндіруде. Өнімнің негізгі сатып алушысы — «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ы. Алып кәсіпорынға арнап шығарылған өнімдердің сапасы жоғары. Мұндағы құрыл жабдықтың барлығы да заманауи технологиямен жабдықтарлған. Ұлттық компания 200 литрлік бөшкелерге уран өнімдерін салып, экспорттайды. Сондықтан бөшкелер әлемдік стандарт бойынша шығарылады. Сапасы үнемі бақылауда болады. ұлиУран өнімдерін шетелдерге тек осы бөшкелермен теміржол, теңіз жолдары арқылы тасымалдайдыттық компания уран өнімін тек осы серіктестіктің бөшкелерімен тасымалдайды.
Жарияланды: 16.06.2018