Жарияланды: 09.11.2018

Састөбелік оқушыларға психолог кеңес берді

 

Түлкібас ауданы Састөбе поселкесіне қарасты Макаренко атындағы ЖОМ 7-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағытта «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Екінші бағытта «Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізілді. Кездесу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психолог мамандар келеңсіз жағдайларға тап болғанда не істеу керек, оны болдырмаудың жолдарын кеңінен түсіндіріп, оқушылардың қойған сауалдарына тұшымды жауап бере білді. Қазіргі таңда жастар арасында құқықбұзушылық факторы жиі кездеседі. Дегенмен, жастардың қылмысы мен оларды болдырмау, тию жұмыстары да ойдағыдай қолға алып жатқанын айта кетейік. Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табады. Жастардың жат әдеттерге бой алдырмауын қоғам болып қолға алу парыз.

987 қаралым