Жарияланды: 09.11.2018

Мақтарал ауданы, Нұрлыбаев ауылының әкімі жастармен кездесті

Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» комунналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі округ жастармен кездесті. Кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары, ауыл ақсақалдары арнайы қатысты. Кездесу барысында ел ағалары мен ақсақалдары өз ойла­рын ортаға салып, әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қа­тысты пікір­лерін білдірумен қатар, өзде­рінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар басқосу кезінде ұрпақтар сабақтастығын сақтау, Мемлекет басшысы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тұрғысынан рухани-адамгер­шілік құндылықтар, білім, өмірлік фило­софия, қазақ халқының мәдени, тілдік ерекшеліктері төңірегінде пікір алмасты. Жаңа заманға сай білімді болумен қатар, тәрбиелі болуға үндеді. Кездесу барысында жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылып мерекелік іс-шараға жалғасын тапты.

 

1 066 қаралым