Жарияланды: 09.11.2018

Отбасында зәбір көрсету бала психологиясына зиян

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және бала құқығын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел семинар-кеңес өтті. Семинарда республикада және облысымызда қабылданып жатқан жол картасы талқыланды. Дөңгелек үстелге аудан, қалалардан келген әлеуметтік сүйемелдеу сектор басшылары, балалар үйлерінің басшылары және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің отбасы және жастар істері жөніндегі комитетінің өкілі Е.Халбаев қатысты. Кеңесте әрбір маман өз ұсыныстары мен бөлісіп, талқыланды. Жиын барысында әйел мен бала құқығы мен денсаулығы, жастар мәселесі, отбасы тақырыбы төңірегінде қазіргі қоғамда болып жатқан проблемаларға тоқталып, шешімін табу жолдары айтылды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі — адам құқын бұзатын құбылыс қана емес, сондай-ақ өскелең ұрпаққа тәрбие беруде кері әсерін тигізетін құбылыс. Өкінішке қарай, қазіргі кезде отбасыларына зәбір көрсетіп, күштеу жайттары кездеседі. Бұл адамның бүкіл ғұмырына қара таңба болып қалады. Сондықтан да отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жолында құқықтық және практикалық шараларды іске асырып, оның жасырын себептерін кешенді түрде анықтау қажет.

1 405 қаралым