Жарияланды: 09.11.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл аударуды күшейту керек

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл аударуды күшейту керек». Мұны Елбасы әрдайым айтып келеді. Осы мақсатта Бәйдібек ауданының әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен спорттық сайыс ұйымдастырды. Онда зағиптар тоғызқұмалақ пен шахматтан бақ сынады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Бәйдібек ауданына 90 жыл толуына орай бірнеше шара өтуде. Алғаш спорттық сайыс ұйымдастырылып, онда тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.

Жұманәлі Сыздықов – Түркістан облыстық зағиптар бірлестігінің төрағасы

Тағдырды адам баласы сұрап алмайды. Мүмкіндігі шектелсе де мойымай, игі істердің ұйытқысы болып жүрген жандар баршылық. Бәйдібек ауданының дамуына үлес қосқан осындай азаматтар бүгін марапат төрінен табылды. Аудан басшылығы арнайы алғыс хатын табыстап, сыйын жасады.

Тұрсынәлі Дүйсенбеков – «Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арнайы шараны өткергені үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Өмірдің түрлі кедергілерін еңсеруде осындай бастамалар керек,- дейді.

1 027 қаралым